Қостанай облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды

7 Наурыз 2024, 11:43
1115
Бөлісу:
Қостанай облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

«BEEF EXPORT GROUP» ЖШС ет өңдеу кәсіпорны директорының басшылығымен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған адамдар тобы ұзақ уақыт бойы «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгені өтеп, 3,1 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды.

Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13 - ұйымдасқан топтың мүшелері, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасау күдігімен айып тағылуда.

Ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданды деп күдіктелуде.

Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті деп танылды.

Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің 3 лауазымды тұлғасына ақша қаражатын ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген күдік тағылуда.

7 ветеринарлық дәрігерге құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені, сондай-ақ заңсыз сыйақылар алғаны үшін айып тағылды.

Өзгелердің жаңалығы