Жітіқарада қоршауға қысылып қалған аққу құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында құтқарушылар көмекке мұқтаж аққуды құтқарды.
Оқиға туралы 112 нөміріне қала тұрғыны хабарлаған.
Белгілі болғандай, христиан зираты маңында аққу темір қоршауға қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері құсты абайлап босатып, одан әрі күтім жасау үшін жергілікті тұрғынға тапсырды. Қазір аққудың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осындай сәтте бейжай қалмай, дер кезінде хабар берген тұрғынға алғыс, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.