Қостанай әкімі таңсәріден дауыс берді

20 Қараша 2022, 12:39
817
Бөлісу:
Қостанай әкімі таңсәріден  дауыс берді
PHOTO

Қостанай қаласындағы № 10 мектепте орналасқан  №74 сайлау учаскесінде 12-ге дейін үш жүзден астам адам өз дауыстарын беріп үлгерді деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Аталмыш білім ордасындағы дауыс беру үшін ұйымдастырылған №74 сайлау учаскесінің табалдырығын аттай бере мерекелік көңіл күйді аңғарасың. Сайлаушыларға арналып жағымды музыка қойылып, тіпті қызыл кілемде төселген. Дауыс бермес бұрын, адамдар стендке барып, барлық Президенттікке үміткерлердің бағдарламаларымен таныса алады.


«Біздің сайлау учаскесінде 2 566 адам тіркелген. Сағат 12 - дегі жағдай бойынша үш жүзден астам адам дауыс берді. Учаскенің ашылуына дейін көшеде бірнеше сайлаушылар кезетеде тұрды. Біз оларға ыдыс-аяқ жиынтығын бердік. Енді туған күн иелерін күтеміз. Бізде 30 және 40 жастағы екі мерейтой иесі бар. Біз оларды да сыйлықсыз қалдырмаймыз. Сонымен қатар, 31 адам бірінші рет дауыс беруге келеді. Оларды да кішкентай сыйлықтар да күтуде» - дейді №74 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Орынқұл Бяхметова.

Қостанай әкімі таңсәріден  дауыс берді

Орынқұл Бяхметованың айтуына қарағанда, бұл жолы таңертеңнен бастап дауыс беріп жатқандардың басым бөлігі жастар. Осы жерде алғашқылардың қатарында Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев та өз таңдауын жасады.

«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн, Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, еліміздің болашағы үшін дауыс беруі тиіс» деп атап өтті қала әкімі Марат Қонысбайұлы.

Марат Жүндібаев дауыс беріп қана қоймай,  сол жерге жиналған қала тұрғындарыменде пікір алмасты. Солардың қатарында «Қазақстан велоспорты федерациясы» Қостанай облыстық филиалының басшысы, Алтынсарин, кейін Федоров аудандарының бұрынғы әкімі Александр Бородинда болды.

Қостанай әкімі таңсәріден  дауыс берді

«Менің ең алдымен дауыс беруге келуімнің басты себебі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында өте түсінікті ұсыныстар болды. Ең бастысы, ол барлық адамдарды толғандыратын баға мәселелерін қозғайды. Біз жаңа Қазақстанға дауыс береміз. Мен Президентімізге дауыс беремін. Өмір бойы мен сайлауды ешқашан жіберіп алған емеспін. Бұл менің азаматтық борышым» - дейді Александр Бородин.

Бүгінгі саяси науқанда бақылаушылар үшінде жауапты жұмыстар жүктелген. Олар сайлаудың бастан аяқ әділ таза өткенін назарға алмақ.

Қостанай әкімі таңсәріден  дауыс берді

Партиялық емес бақылау орталығының облыстық филиалының бақылаушысы Анна Кимнің пікірінше, сайлау процесінің барынша заңға сай өтіп жатыр.

Қостанай әкімі таңсәріден  дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы