Қосшы қаласы Астанаға қосылуы мүмкін бе?

27 Ақпан 2024, 16:46
579
Бөлісу:
Қосшы қаласы Астанаға қосылуы мүмкін бе?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астана қаласының дамытудың бас жоспары бекітілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі үкімет отырысынан соң өткен баспасөз жиынында әкіміге "Астанаға қандай елді мекен қосылады?" деп сұрақ қойды.

Биыл қаңтарда 2035 жылға дейін Астана қаласының дамытудың бас жоспары бекітілді. Сондықтан осы құжат негізінде мәлімдеме жасай алмаймын. Құжатқа сәйкес, осы кезеңде Қосшыны Астана қаласына қосу жоспарланбаған. Жалпы алдағы уақытта біз (Астанаға) жақын орналасқан елді мекендерді қалаға қосу жоспарда жоқ. Біз Ильинка, Үркер елді мекендері қалаға тиіп тұрғанын білеміз. Олар бір елді мекен, ортасын жол бөліп тұр. Ильинкада тұратын балалар Үркерде оқып жатыр. Қазір біз Ильинкада 2 мектеп салып жатырмыз. Себебі, онда 30 мыңнан аса адам тұрады. Жалпы бұл бір елді мекен. Алдағы уақытта осындай мәселе туындауы мүмкін (елді мекенді қалаға қосу). Алайда қазір ресми түрде ондай құжат жоқ, - деп жауап берді Астана әкімі.

Өзгелердің жаңалығы