Қошқарбаев даңғылындағы учаске уақытша жабылды

Қошқарбаев даңғылындағы учаске уақытша жабылды
616

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Рақымжан Қошқарбаев даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 30 маусымы мен 5 шілдесі аралығында Қошқарбаев даңғылының Қордай көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Фото: дереккөз