Қошанов жаңа Қазақстан жайлы: Жалған жасандылықтан кетіп жатырмыз

15 Маусым 2022, 12:57
1240
Бөлісу:
Қошанов жаңа Қазақстан жайлы: Жалған жасандылықтан кетіп жатырмыз
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Мәжіліс спикерінен Жаңа Қазақстанда не өзгергенін сұрадық. 

Ашықтықты көріп отырсыз. Екіншіден, жалған жасандылықтан кетіп жатырмыз. Оның барлығын байқап отырсыздар. Жаңа Қазақстан бір күнде құрыла салмайды ғой. Әркім өзгерісті өзінен бастауы керек. «Не өзгерді?» деген сұрақты әркім өзіне қоюы керек. Жаңа Қазақстан деген сол, ол бір күнде болмайды, - деді Қошанов. 

Сондай-ақ Спикер журналистерге де ашық екенін айтты. 

Мен осы жерден шығып жүрмын. Қажет болған журналистер маған келеді. Егер мен қажет болсам, шақырыңыздар. Маған таласудың қажеті жоқ. Алдарыңызға шығып, сіздер қойған сұрақтарға мүмкіндігінше жауап беремін. Одан басқа қандай мәселе болуы мүмкін?, - деді Ерлан Қошанов. 

Осыған дейінгі отырыста Қошанов өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсеткенін айтты. 

Азаматтарымыздың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларына деген сенімінің жарқын көрсеткіші. Шынын айту керек, үлкен іс атқарылды. Ел болып жұмылып, референдумды абыроймен атқардық. Осы жұмыстың бел ортасында өздеріңіз де жүрдіңіздер. Депутаттар күніне 250-ге жуық кездесу өткізді. Сіздер Президент реформаларын халыққа түсіндіруге зор үлес қостыңыздар, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы