Қошанов Ресейге іссапармен барады

21 Ақпан 2024, 17:01
345
Бөлісу:
Қошанов Ресейге іссапармен барады
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресейге ресми іссапармен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, 3-4 наурыз аралығында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына барады.

Атап айтқанда, Мәскеу мен Қазан қалаларына ресми сапармен барады деп жоспарланып отыр. Сапар барысында Мәскеуде Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен, Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты келіссөздер, сондай-ақ Қазанда Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен екіжақты кездесулер жоспарланған, - деді ол.

Сапар аясында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы