Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қошанов Қостанайдағы өрттің әдейі ұйымдастырылғанына қатысты пікір білдірді

7 Қыркүйек 2022, 14:41
2215
Бөлісу:

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілісті жалпы отырысының кулуарында айтты,деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Мәжілістің кулуарында журналистердің бірі Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылғаны туралы әлеуметтік желіде қызу пікірталас жүріп жатқанын айтты. Мәжіліс төрағасы осыған қатысты өз пікірін білдірді. 

Бүгінде бәрі де мүмкін. Бірақ оның барлығына тергеу және  құқық қорғау органдары өз жауаптарын беруі керек. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Сондықтан болашақта оның шешімін күтейік, - деді Қошанов. 

Айта кетейік, Қостанай облысында 3 қыркүйекте орман өрті басталды.

Өзгелердің жаңалығы