Қошанов Назарбаевтың Ресейге баруына қатысты пікір айтты

15 Маусым 2022, 13:07
1757
Бөлісу:
Қошанов Назарбаевтың Ресейге баруына қатысты пікір айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында айтты. 

Осыған дейін де бұл сұраққа жауап берілді. Тұңғыш Президент саясатпен айналыспайды. Ол Ресейге жеке тұлға ретінде барды. Қажеттілік болған жағдайда бара алады деп ойлаймын. Қандай қажеттілік болды деген сұраққа мен жауап бере алмаймын. Бұл сұрақты оның Канцеляриясы мен өзіне қою керек. Қазақстан билігіне оның баруынан пайда бар немесе жоқ деп те айта алмаймын. Ол өзінің жеке мәселесімен барған шығар. Біздің билікте ондай ақпарат жоқ, - деді Қошанов. 

Мәжіліс спикері Назарбаевпен ештеңе талқыланбағанын жеткізді. 

13 маусымда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтаған еді. 

 Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы өткен референдум  Жаңа Қазақстанға жол салғанын айтқан еді.

Бірлігі бекем ел екенін күллі әлемге паш етіп, болашаққа нық сеніммен қадам басты. Бірлік пен сенім – «Жаңа Қазақстанның» негізгі тірегі. Халқымызда ертеңге деген сенім бар, ауызбірлік бар, татулық пен тұрақтылық бар. Ендігі кезекте, Президентіміздің маңайына топтасып, осы сенім мен ынтымақты еселей түсуге тиіспіз. Алға қойған биік мақсаттардың бәріне бірге қол жеткізуіміз керек. Референдум – «Жаңа Қазақстанға» жол ашты. Оны халқымыз жақсы қабылдағанын көрдік. Халықаралық және отандық сарапшылар да науқанның әділ әрі ашық өткенін айтып, жақсы пікір білдіріп жатыр. Бұл – үлкен істің басы ғана. Алымызда бұдан да маңызды әрі ауқымды жұмыс күтіп тұр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы