Қошанов халық қандай саяси реформаның жемісін көріп отырғанын айтты

19 Қазан 2023, 12:07
892
Бөлісу:
Қошанов халық қандай саяси реформаның жемісін көріп отырғанын айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанның ХІ Азаматтық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен ауқымды саяси реформалар қолға алынды. Елімізде мемлекеттік билік тармақтарын жетілдіруге, азаматтық қоғамның дамуына бағытталған ірі қадамдар жасалды. Бұл өзгерістердің барлығы батыл да байыпты, прагматикалық жолмен жүзеге асырылып жатыр. Президенттің саяси реформалар пакеті – ашықтық пен әділдікке, тең мүмкіндіктерге, заң мен тәртіп үстемдігіне жол ашады, - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, реформаның жемісін қазірдің өзінде көріп отырмыз.

Елдегі билік институттары толықтай трансформациядан өтті. Көппартиялы Парламент жасақталды. Қазіргі уақытта Парламент пен мәслихаттарда барлық әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайтын саяси күштер, тұлғалар жеткілікті. Үкімет пен орталық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңа жағдайларда жұмыс істеуге бейімделіп келеді. Конституциялық реформа азаматтардың елді басқаруға қатысу мүмкіндіктерін барынша кеңейтті. Билік пен қоғам, азаматтар арасындағы диалогтың жаңа мәдениеті қалыптасуда, - деді Мәжіліс төрағасы. 

Өзгелердің жаңалығы