Қошанов: AMANAT партиясындағы лауазымым қоғамдық жұмыс болып есептеледі

27 Сәуір 2022, 13:23
1825
Бөлісу:
Қошанов: AMANAT партиясындағы лауазымым қоғамдық жұмыс болып есептеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 26 сәуірде AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды. 

Ол жаңа лауазымға қатысты Мәжілістің кулуарында пікір білдірді. 

Кеше ғана партияның съезі өтті. Президент ұсынғаннан кейін партияластарым дауыс беріп, мен осы лауазымға сайландым. Бұл лауазым қоғамдық жұмыс болып есептеледі. Ал Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметі – сайламалы қызмет. Екеуінің арасында заң жағынан қарама-қайшы ештеңе жоқ деп ойлаймын. Екіншіден, бұл әлемдік тәжірибе. Басқа мемлекеттерде де, депутаттар, Парламент төрағалары басымдық алған партияның төрағасы болып қатар қызмет етеді, - деді Ерлан Қошанов. 

Оның айтуынша, партияның негізгі стратегиялық бағыты өзгермейді. 

Ол – президенттің бағытын қолдау, реформаларын жүзеге асыру. Саяси және экономикалық, әлеуметтік реформалар халықтың жағдайын көтеруге, саяси, бизнес пен экономикадағы бәсекелестікті арттыруға бағытталады. Бұл - біздің темірқазық. Біз бұдан ауытқымаймыз, - деді су жаңа төраға. 

Қошанов өз сөзінде өзгерістер болатынын атап өтті. Мысалы, кадр мәселесі. Ол партияның басшылық қызметіне де, басқа қызметіне де жастар тартылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы