Қошанов: AMANAT партиясы - бұл Президентіміздің қоғамдық тірегі

26 Сәуір 2022, 16:39
2401
Бөлісу:
Қошанов: AMANAT партиясы - бұл Президентіміздің қоғамдық тірегі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде партияның жаңа төрағасы Ерлан Қошанов Президентке алғысын айтты.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, осынау тарихи кезеңде жетекшілігін маған сеніп тапсырғаныңыз, жүктегеніңіз үшін өзіңізге және осы шешімді қолдаған партиялас әріптестеріме үлкен алғысымды білдіремін. Бұл шешім – үлкен сын, жауапкершілік және аманат деп түсінемін, - деді Қошанов.

Ол партияластарына алдарында үлкен сынақтар, науқандар күтіп тұрғанын айтты.

AMANAT партиясы - бұл Президентіміздің қоғамдық тірегі! AMANAT партиясы - бұл реформалар мен «Жаңа Қазақстанның» жасампаздық  партиясы! Еліміз бен Президентіміздің бізге білдірген сенімін, аманатын барлығымыз бірігіп, абыроймен атқарайық, - деп түсіндеді өз сөзін Ерлан Қошанов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT-тан кеткенін мәлімдеп, өз орнына, яғни партияның төрағасы лауазымына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты ұсынған болатын.

Съез кезінде AMANAT партиясының төрағасы лауазымына Президент ұсынған кандидатты сайлау туралы қаулы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы