Тоқаев AMANAT партиясынан кеткенін мәлімдеді

26 Сәуір 2022, 15:37
2561
Бөлісу:
Тоқаев AMANAT партиясынан кеткенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі кезінде партиядан кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым, - деді Президент. 

Ол бұл қадамның символдық мәні бар екенін айтты. 

Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ жауапты сәтті партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Біз бірлесіп көп жұмыс атқардық. Дегенмен уақыт бір орында тұрмайды. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Бүгінде еліміздегі барлық саланы түбегейлі монополиясыздандыру аса маңызды, - деп айтты Президент.

Өзгелердің жаңалығы