Тоқаев өзінің партиядағы орнына Ерлан Қошановты ұсынды

26 Сәуір 2022, 15:41
1183
Бөлісу:
Тоқаев өзінің партиядағы орнына Ерлан Қошановты ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде партия төрағасы лауазымына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты ұсынды. 

Партияның саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра береді. Осы орай мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын, - деді Тоқаев. 

Президент Қошановты барлығы жақсы білетінін атап өтті. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары. 

Тәжірибелі әрі білікті азамат. Жұмысты жоғары деңгейде жалғастыруға оның ерік-жігері де, білімі де жетеді, - деп айтты Мемлекет басшысы. 

Оның сөзінше, бүгінгі өзгерістер AMANAT-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. 

Сондай-ақ партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз. Мен сіздерге сенемін! – деп сөзін қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс ХХІІI съезінде партиядағы өз лауазымын босатты.

Өзгелердің жаңалығы