Қорғас, утильалым, «Алтын орда». Депутаттық топ өзекті мәселелерді назарда ұстайтындарын айтты

10 Ақпан 2022, 13:55
1466
Бөлісу:
Қорғас, утильалым, «Алтын орда». Депутаттық топ өзекті мәселелерді назарда ұстайтындарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихаты барысында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым хабарлады. Оның айтуынша, депутаттық топтың бірнеше құқығы бар.

Жалпы Парламенттің регламенті мен Конституциялық заң бойынша депутаттық топ тіркелгеннен кейін Парламенттік тыңдау ұйымдастыруға, депутаттық сауал жолдауға, кез келген үкіметтік ұйымның басшысын шақыруға, есеп алдыруға, құжаттарын сұратуға қақысы бар. Естеріңізде болса, соңғы шақырылымда дептутаттық топтар болған жоқ. Біздің жұмысымыз үй ішінен үй тігу емес. Ең алдымен, Мәжілістің, Парламенттің жұмысын барынша жандандыру, әлеуетімізді дұрыс пайдалану, ішкі реформаларды жүзеге асыруға көмектесуіміз қажет. Көптеген бағдарламаға сын айтылды, ақиқат та айтылды. Соған да бас-көз болып, саяси қолдау көрсету, - деп атап өтті белгілі саясаткер. 

Жақында Алматы облысына іссапарға шығатындарын алға тартқан мәжілісмен бірнеше мәселелерге тоқталды. 

Қорғас, утильалым, Алматыдағы «Алтын орда» базары сынды үлкен мәселелер айтылды. Осының бәріне тек атқарушы билік қана емес, заң шығарушы билік те тікелей араласып, қадағаламаса, кейбір мәселелер қалып қояды. Орындалмайды немесе ұзаққа созылып кетеді. Осы мәселелерге БАҚ, саяси күштермен қатар етене араласып, басы-қасында болып, елдегі саяси-экономикалық және басқа да реформалар мен жаңғырту үдерістерін ілгерілету үшін жұмыс істейміз, - деді Айдос Сарым.

Еске сала кетейік,  бұған дейін Наталья Дементьева «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Парламент жұмысына трансформация жасайтынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы