Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы батыс өңірде кездесулер өткізді

15 Наурыз 2023, 20:11
738
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы батыс өңірде кездесулер өткізді

Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының әскери бөлімдерінде, оқу орындарында және жергілікті әскери басқару органдарында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен бірқатар шаралар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтауда ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры Әділбек Ботабековпен кездесті. Тараптар әскери қызмет өткерген азаматтар үшін білім беру квоталарын бөлу және жоғары оқу орнында әскери-оқытылған резервті қалыптастыру үшін қажетті әскери-теңіз кафедрасын ашу мәселелерін жан-жақты талқылады. 

Елдегі жаңғырту процестері күрделі геосаяси ахуалда жүзеге асырылады. Бұл жағдайда мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын күзететін Қарулы Күштердің рөлі едәуір артпақ. 

 Технологиялық және мобильді армияның құрылысы әскери қызметтің жағдайын жақсартумен, еңбекақыны жетілдірумен және әскери қызметшілердің мәртебесін нығайтумен қатар жүреді,  – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов. 

Әскери қызметтің беделін арттыру үшін нақты қадамдар жасалды. Өткен жылы Қорғаныс министрлігі еліміздің 45 жоғары оқу орнымен келісім жасасты. Оған сәйкес мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтар екі жыл ішінде ҰБТ тапсырусыз жоғары оқу орындарына түсе алады.

Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен меморандумға қол қойылды. Құжат әскерге шақырылушылар мен әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады. Бүгінгі таңда бұл жеңілдікті жеті мыңға жуық әскери қызметші пайдаланғаны іс-шара барысында атап өтілді.

Әскери зейнеткерлермен және Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесуде Қорғаныс министрінің орынбасары Үкімет деңгейінде әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берілген тапсырмаларға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін Үкімет жанындағы жұмыс тобы пысықтайды. Онда 1998 жылдың бірінші қаңтарынан кейін шақырылған және 2016 жылдың бірінші қаңтарынан кейін жұмыстан шығарылған әскери қызметшілерге зейнетақыны индекстеу мәселелерін алдын-ала оң тұрғыда қарастырылады. 

Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін қызметтен босатылған және бұл үшін жеткілікті еңбек сіңірген және еңбек өтілі бар әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін алу құқығын беру мәселелері шешіледі. 

Қазіргі уақытта әлеуметтік Кодекс жобасына әскери зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге толық көлемде зейнетақы жинақтарының қалдықтарын біржолғы пайдалану құқығын беру мүмкіндігі туралы толықтырулар енгізілді. 

Алдағы күндері ақпараттық-түсіндіру тобы Өскемен, Аягөз, Абай және Үшарал гарнизондарына барады.

Өзгелердің жаңалығы