Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

4 Сәуір 2022, 10:24
1417
Бөлісу:
Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына  барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының комиссиясы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қарағанды және Приозерск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерді аралады.

 Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру, сондай-ақ оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының Қарулы күштерде іске асырылу барысын басты назарға алды.

Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына  барды

Сонымен қатар, «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында Қарулы күштер де жаңару мен жаңғырту жүргізіледі.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев пен әскери бөлімдердің командирлері мақсат-міндеттері, жауынгерлік мүмкіндіктері, істердің ағымдағы жай-күйі және орын алып отырған проблемалық мәселелер туралы баяндады.

Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына  барды

Қорғаныс ведомствосының комиссиясы әскери инфрақұрылымның, әскери техниканың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаудың, әскери объектілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздігінің жай-күйін тексерді.

Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша министр жауынгерлік даярлық пен жалпы қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіруге, бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы