0 қазаннан бастап Астанада №14, №21 және №120А автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.
№14 және №21 автобустары «Нұрлы жол» вокзалы маңында Тынышбайұлы көшесіне қатынайды. Бұған дейін бұл учаскеде қоғамдық көлік қатынамаған.
Маршруттардың қозғалыс сызбасына енгізілген өзгерістер Шаймерденов көшесі жағындағы вокзал маңындағы аялдамаға түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ Tarlan Astana станциясының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ал №120А автобусы «Көктал-1» тұрғын алабына қатынайтын болады.
Осы өзгерістердің арқасында «Жасыл ел» шағын ауданының тұрғындары қоғамдық көлікпен «Меруерт» балабақшасына, «Көктал» саябағына, Tanym Art көпфункционалды кешеніне және №40, №41, №106 орта мектептеріне қатынай алады.
Автобустардың нақты уақыттағы қозғалысын Avtobysқосымшасы арқылы бақылауға болады.