Қорғаныс министрі республикалық референдумда дауыс берді

Авиация генерал-лейтенанты елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде өз таңдауын жасап, конституциялық құқығы мен азаматтық борышын орындады.

 Қорғаныс министрлігі 15 Наурыз 2026, 08:57
15 Наурыз 2026, 08:57
272
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов республикалық референдумға қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Авиация генерал-лейтенанты елордадағы сайлау учаскелерінің бірінде өз таңдауын жасап, конституциялық құқығы мен азаматтық борышын орындады.

Еске сала кетейік, бүгін қазақстандықтар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын қолдау немесе қолдамау жөнінде өз таңдауын жасауда.

Наверх