Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштердің әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді түрде қатысу үстінде.
Еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты алғашқылардың бірі болып өз таңдауын генерал-полковник Руслан Жақсылықов жасады.
Қорғаныс министрі елордадағы №88 мектеп-лицейінің ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы жалпыреспубликалық референдум әскерилер үшін осы заманғы және бәсекеге қабілетті мемлекет құруда маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері өздерінің азаматтық парызын орындаудың жауапкершілігін, конституциялық таңдауы және әрбір дауыстың маңыздылығын жете түсінеді. Отан қорғаушылар еліміз үшін тарихи маңызы бар оқиғаға жүзпайыздық құраммен қатысу үстінде, - деді министр.