Қорғалжын қорығына жылқы жайғандар жазаланды

3 Желтоқсан 2023, 13:20
710
Бөлісу:
Қорғалжын қорығына жылқы жайғандар жазаланды
Фото: pixabay

Ақмола облысының прокуратурасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары мен басшылығы ерекше қорғалатын аумақтың күзету режимін бұзғаны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, ерекше қорғалатын аумақта заңсыз шөп шабу және мал жаю басшылықтың келісімімен тікелей қорықтық режимді қорғауға уәкілетті тікелей қорық инспекторларымен ұйымдастырылған. Соның салдарынан қорыққа айтарлықтай шығын келтірілген.

Қорық аумағына инспекторлардың жақын туыстарына тиесілі 700-ден астам жылқы жіберілген. Қорықтық режимді бұзғаны және өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланғаны үшін 3 инспектор, оның ішінде табиғи кешендерді қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды, делінген прокуратура хабарламасында.

Қорықтың басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Өзгелердің жаңалығы