Қордай көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды

2 Мамыр 2023, 11:30
1000
Бөлісу:
Қордай көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Фото: Elorda.info

Қордай көшесінде Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі аралық жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қордай көшесіндегі Б. Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейін учаскелерде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлім етті.

Осыған байланысты 2 мамырдан 8 мамырға дейін жоғарыда аталған учаскелерде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы