Қоқысы көп қала

25 Сәуір 2024, 16:03
223
Бөлісу:
Қоқысы көп қала
PHOTO
Фото: автордан

"Талдықорған – таза қала" акциясы шаһарды біраз тазалыққа тәрбиелегенімен, жаңа ықшамаудандарда қоқыс көлемі азаяр емес, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

200 мыңға жетер-жетпес тұрғыны бар Талдықорғанның табиғаты ерек, оның үстіне қала ішінде қимыл-қозғалыс аз, көлік кептелісі көп болмайды. Ауыл-ауылдан қатынап жұмыс істейтін, базар маңын жағалаған жұрт орасан. Содан да болар, қаланың келбеті соңғы уақытты бұзылды. Темекінің қалдығы, құмыралар, целлофандар әр жерде бір шашылып жатады. Қоқыс жәшігі уақытылы тазаланбайды. Қашан көрсеңіз, қала басшысы Ернат Бәзіл ел ішін аралап шыр-пыр болады да жүреді. Ал бұған облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының айтар өз уәжі бар.

Қоқысы көп қала

Экологиялық акциялар аясында 90 мыңға тарта азамат тазалық жұмысына қатысты. Бірлесе 22 мың түп көшет отырғызып, 4 тоннаға жуық қоқыс шығардық. Соған сай 619 техника тартылды. Жетісулықтар сенбілікке уақытылы шығып, өңірдің тазалығына ерекше мән беруде, - дейді басқарма басшысы Айдос Бекетаев.

Қоқысы көп қала

Жыл аяғына дейін жетісулықтар 120 мыңға таяу ағаш отырғызамыз деп отыр. Оның 5 мыңы облыс орталығында қалады. Жалпы осы көктемде өңірде 42 мың көшет, ал күз келе 32 мың көшет егіледі. Акция шеңберінде демеушілік қаражатпен келген көшеттер де қаланың сәнін келтірмек.

Қоқысы көп қала

Бұрын қаламыз республика көлемінде ең таза қала ретінде атағы жиі шығатын. Келген қонақтар табиғатына тамсанып, бір басынан екінші шетіне 15-20 минутта жетіп алатын еді. Қазір қала үлкейді, халықта көбейді, жаңа ықшамаудандар ашылды. Жаңа тұрғынүйлерге көшіп келіп жатқан көпбалалы ата-аналар, әлеуметтік осал топ өкілдері. Олардың дені ауылдық жерден келген. Қаланың ішкі тәртібіне үйрене алмай жатыр, - дейді қала тұрғыны Айман Таңғытова.

Өзгелердің жаңалығы