Қоқысты таудай қылып үйіп қоямыз – Үкімет басшысы

12 Наурыз 2024, 13:08
302
Бөлісу:
Қоқысты таудай қылып үйіп қоямыз – Үкімет басшысы
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жиналған қоқыс үйінділерінің мәселесі шешілмей келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көптеген өңірде әлі күнге дейін коммуналдық қалдықтарды ұтымды жинау мен шығаруға және оларды сұрыптап, қайта өңдеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Оңды-солды рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болуда. Оларды жою мәселелері уақтылы шешілмейді. Бұл өңірлердегі экологиялық жағдайға айтарлықтай нұқсан келтіреді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда, - деді Үкімет басшысы.

Бектенов халық жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қоюды үйреншікті жағдайға айналдырғанын айтады.

Бұл елді мекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай келмейді. Сонымен қатар тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр. Олардың қауіптілігіне жете мән берілмейді. Аталған проблемаларды шешу үшін қалдықтарды жинаудан бастап, қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті механизмдерін әзірлеу қажет, - дейді ол.

Премьердің сөзінше, министрлік пен өңірлер бұл жұмысты созбалаңға салып жіберді.

Кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз, - дейді Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы