Қоқыс төккені үшін 4 млн теңге айыппұл төледі

2 Қыркүйек 2022, 20:54
1704
Бөлісу:
Қоқыс төккені үшін 4 млн теңге айыппұл төледі

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының шағымдары бойынша биыл тамыз айында "ФИК Алел"АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында келесі заңдылықты бұзушылықтар анықталды:

- Өндірістік цехтың газ құбырында жыланкөздің болуы, қазандықтың электр қозғалтқышының газ құбырында герметизацияның болмауы.

- Қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырмау, олармен аумақтың қоқысталуы, сондай-ақ бұрын әкетілген қалдықтарды жерге көму.

- Көмір қоймасының белгіленген алаңын ұлғайту бөлігінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының талаптарын орындамау.

- Өлшенген заттар, аммиак, сульфат, хлорид, полифосфаттар бойынша эмиссиялардың белгіленген нормаларынан асып кету.

- Кәсіпорынның 2020-2021 жылдар аралығындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоймау. Бұл факті бойынша материалдар сотқа жолданды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бұдан басқа, қалдықтар бөлігінде ремедиациялау бағдарламасын әзірлеу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы