Қонақ үйлерден қанша табыс түсіп жатыр

4 Тамыз 2023, 14:19
653
Бөлісу:
Қонақ үйлерден қанша табыс түсіп жатыр

2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақ үйлер 43 млрд теңгеден астам табыс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады.

Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақ үйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орын.

Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақ үй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Өзгелердің жаңалығы