Қонаевта полицейді балағаттаған ер адам бір аптаға қамалды

27 Мамыр 2024, 14:34
191
Бөлісу:
Қонаевта полицейді балағаттаған ер адам бір аптаға қамалды
VIDEO
Фото: скриншот

Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін 7 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаев қаласында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде мас күйде жүрген ер адам туралы хабарлама бойынша оқиға орнына барған.

Келген кезде, азамат айналасындағыларға агрессивті болып қана қоймай, полиция қызметкерлерін балағаттаған. Жағдайды бағалай отырып, полицейлер мас бұзақыны ұстады. 

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

Тәртіп сақшылары тарапынан көрсетілген кәсібилік пен ұстамдылық ауыр зардаптардың алдын алды. Біз әрқашан жанжалды жағдайларды барлық қатысушы үшін ең аз тәуекелдермен шешуге тырысамыз, – дейді Қонаев қалалық полиция басқармасының бастығы Ұлан Садықов.

Өзгелердің жаңалығы