Қонаев қаласын 2050 жылға дейін дамытудың бас жоспары жобасы бекітілді

15 Маусым 2023, 08:53
603
Бөлісу:
Қонаев қаласын 2050 жылға дейін дамытудың бас жоспары жобасы бекітілді
Фото: baq.kz

Қонаев қаласының 2050 жылға дейін дамытудың бас жоспары жобасында халықаралық әуежай мен мұнай өңдеу зауытын салу жоспары көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Жобалық кезеңде Қонаев қаласын дамытуға арналған инвестициялар барлығы 4 070 870,47 млн теңгені құрайды.

Жобада қаладағы «халықаралық транзиттік жүк-жолаушылар әуежайының құрылысы» және «мұнай өңдеу зауыты құрылысы» жобасын іске асыру ұсынылады. Сондай-ақ жобалық қуаты 550 төсек-орын болатын қалалық көпбейінді аурухана ғимараты, 750 төсек-орын болатын облыстық көпбейінді аурухана және «Жаңа Іле» жаңа ауданында жобалық қуаты 100 төсек-орын болатын жаңа кардиологиялық орталық салу жоспарланған, – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар, өңірде 2030 жылға қарай жаңа полигон құрылысы басталады.

Құжат 27 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Өзгелердің жаңалығы