Қолөнер - рухани жан серігің

3 Желтоқсан 2023, 17:18
1306
Бөлісу:
Қолөнер - рухани жан серігің
Фото: жеке мұрағаттан

Елімізде қолөнерлікті жанына серік етіп, қыз келіншектерге бұл кәсіптің қыр-сырымен бөлісіп жүрген ерекше қажеттілігі бар адамдар бар. Солардың бірі әрі бірегейі Әсел Шүкірбековамен BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасқан еді.

- Қолөнерлікпен қай уақыттан бастап айналыса бастадыңыз?

- Қолөнерлікке кішкентай кезімнен қызықтым. Мектеп бітіргеннен кейін журналистика мамандығын таңдап ҚазҰУ-дың “Журналистика” факультетіне түстім. Оқу орнын 2006 жылы үздік бітірдім. Сол жылдары “Биссермен жұмыс” атты кітап сатып алып, биссерге қызыға бастадым. Бастапқыда хобби ретінде айналыстым. Кейінен Аналарды қолдау қоғамдық қорында, жеке орталықтарда осы биссер бойынша сабақ бердім. Дегенмен эпилепция ауыруының әсерінен журналист мамандығы бойынша жұмыс істей алмадым. Жүрек қалауымен 2014 жылы қолөнершілікке бет бұрдым. Ата-анам тігін машинасын алып берді. Қарап отырсам бұл салада жүргеніме 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Сол уақыттан бері қолөнер саласы кәсіп қана емес, көңіліңді сергітіп, жүрекке тыныштық беретін ортаға айналды. Нарықта тігіншілікке сұраныс жоғары болғандықтан ательеде тігінгілікпен айналыссамын.

Қолөнер - рухани жан серігің

- Өз сөзіңізде қөлонершіліктің пайдалы тұстарын айта кеттіңіз. Осы жайлы кеңінен тоқталып өтсеңіз.

- Қолөнер жұмыстары қолға қуат, бойға күш береді. Қолыңнан шыққан жұмыстар өз қалауыңдай жүзеге асса, одан көңілің жадырап, шабыттанасың. Бағана айтып кеткендей биссер жасау - хоббиім. Бұл сала Ресей мен Украинада жоғары бағаланады. Жастарымыздың арасында да кеңінен таныла бастады. Бұл тек кәсіп қана емес жүрекке тыныштық беретін орта десем артық айтпағаным болар. Қолөнер - рухани жан серігің, ертеңгі азығың, жарқын болашаққа жөн сілтейтін жарығың деп айтар едім. Қолөнершілер барда ұлттық өнер өлмейді. Кез-келген қыз баласы қолөнерлікке бейім болғандықтан, бұл сала ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз.

- Өзіңіз жайлы, өнерге жетелген отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз.

- Мен, 1983 жылы Ресей астанасы Мәскеу қаласында дүниеге келдім. Ата-анам өнерлі жандар. Әкем суретші, “Суриков” атындағы университетін тәмамдаған. Осы қолөнерге бет бұруыма ата-анам себеп болды. Олардың қолдауы мен сенімі маған күш берді. Өзімнің 2 қызым бар - Айсана және Айғаным. Қолөнерліктен бөлек ақындық қасиетім бар. Өлеңдерім газет беттерінде жарияланады. ҚазҰУ-дың “журналистика” факультетін бітірдім деп атап өткен едім. Осы биыл Қазақстан Журналистер одағына мүшелікке өттім. Бұдан бөлек қазақ киноларында шағын эпизоттарға түсемін. Бұл бір шетінен көңілді сербітуге себеп десем артық айтпағаным. Алдағы уақытта барлық жыр-жинақтарымды топтастырып кітап шығарсам деген ойым бар.

Қолөнер - рухани жан серігің

- Болашақта жеке кәсіп ашу ойыңызда бар ма?

- Иә, жеке кәсіп ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. 50/50 бойынша ұсыныс білдіргендер де бар. Дегенмен алдағы уақыттағы жоспарларым орындалғанда айтуды жөн санаймын. Мемлекеттік гранттарға өтініш білдіруді жоспарлап жүрмін.

- Әңгімеңізге рахмет!

Өзгелердің жаңалығы