Қолданыстағы заңнама бойынша зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар – Дүйсенова

30 Маусым 2022, 11:32
1488
Бөлісу:
Қолданыстағы заңнама бойынша зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар – Дүйсенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

Зейнетақы жүйесіне қатысты мен айттым. Жалпы зейнетақы мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда азайып бара жатыр, себебі еңбек өтілі қысқа. Осыған орай біз базалық зейнетақының параметрлерін өзгерту туралы өз есептеуіміз бойынша ұсыныстар жасадық. Көтереді, - деді Дүйсенова. 

Ол атағандай, зейнетақының параметрлерін өзгерту арқылы оны көбейтуге болады.

Қолданыстағы заңнама бойынша зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Қазір ұстап қалу есебін ескере отырып, зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз. Ақшаны ұстап қалу азайғанын түсінесіз. Қазір зейнетке шығып жатқандардың зейнетақылары бұрын шыққан зейнеткерлердікінен төмен, себебі еңбек өтілдері аз. Сондықтан қазіргі бірінші мәселе – базалық зейнетақылардың параметрлерін өзгерту, яғни оны көбейту, екінші – ынтымақтастырылған зейнетақы мәселерін көтеру, оның да параметрлерін қарастыру. Содан кейін заң аясында ерте зейнетке шығу мәселесі де қарастырылған. «Күміс жас» деген жаңа бағдарлама жасалып жатыр. Барлық есептерімізді жұмыс тобына өткіздік, енді екінші кезеңге шығып жатырмыз. Бюджетті қарағанда жұмыс тобында ең алдымен вице-министрлер жұмыс істейді, менің де вице-министрім сол топқа барып жүр. Кейінгі топта бұл мәселе министрлер деңгейінде талқыланады. Сондықтан, қазір жұмыс тобында барлық министрлік өкілдері жұмыс істеп жатыр. Ал Қаржы министрінің оны білу-білмеуінен менің хабарым жоқ, - деді Дүйсенова. 

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановта Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы