Қоғамдық кеңес отырысы өтті

25 Мамыр 2024, 14:34
326
Бөлісу:
Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Фото: gov.kz

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің 3-ші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шарада ведомствоның мәдениетті дамытуға, мемлекеттік жастар саясатына, Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытуға қатысты стратегиялық құжаттарды іске асыру мәселелері, сонымен қатар 2023 жылғы ақпаратқа қол жеткізу саласының жағдайы туралы жылдық есептің жобасы талқыланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері қазақ тілінде кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, қазақ тілінде анимациялық фильмдер санын көбейту, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және т. б. мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Өзгелердің жаңалығы