Қобдада 100-ден астам үйдің құрылысы басталды

26 Мамыр 2024, 21:18
369
Бөлісу:
Қобдада 100-ден астам үйдің құрылысы басталды
Фото: Қобда ауданы әкімдігі

Ақтөбе облысының Қобда ауданында сутасқынынан зардап шеккен азаматтарға 116 жаңа тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліпжатыр. Атап айтсақ, аудан бойынша салынатын 150 үйдің 116-сының құрылысы басталды, - делінген хабарламада.

Бүгінде бір үйге құрылыс материалдары әкелініп жатса, бірінің іргетасы қаланып, ал кейбіреулерінің қабырғалары бой көтеріп, үйлердің ішкі жұмыстары жүргізілуде.

Үйлергежарық, су, газ тарту жұмыстары қатар атқарылып жатыр.

Жаңа тұрғын үйлерді салып жатқан 15 компания жұмысты екі айдың көлемінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы