Qnet қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы бес жылға сотталды

18 Қаңтар 2024, 12:20
1160
Бөлісу:
Qnet қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы бес жылға сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

«Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы Ақтөбе облысында сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске салайық, қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп-тексерген болатын.

Г.Жумагазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған Qnet халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды, - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 млн теңгеге жуық сома болған.

Г.Жумагазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.

Қылмыстық жолмен алынған құны 286 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы