ҚМДБ мешіт қызметкерін жарақаттаған күдікті туралы айтты

15 Наурыз 2023, 16:52
679
Бөлісу:
ҚМДБ мешіт қызметкерін жарақаттаған күдікті туралы айтты
Фото: aikyn.kz

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр. Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда, – деді Ағабек Қонарбайұлы.

Оның түсіндіруінше, алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы