Қилымжанов: 280 адамға қатысты бұлтартпау шарасы енгізілді

19 Сәуір 2022, 11:38
1650
Бөлісу:
Қилымжанов: 280 адамға қатысты бұлтартпау шарасы енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Тергеу органдарының іс жүргізуінде 4800 іс бар. Сот санкциясымен 627 күдікті адам қамауда. Біз осыған дейін бұлтартпау шаралары бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 280 адамға қатысты бұлтартпау шарасы енгізілді. Олар ешқайда кетпеу, үйқамаққа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылады, - деді Қилымжанов. 

Ол атап өткендей, ұсталғандардың туыстарымен кездесулер өткізіліп жатыр. 

Олардың уәждері мен дәлелдері жан-жақты тексеріліп, осы негізде бұлтартпау шараларын өзгерту бойынша шешімдер қабылданып жатыр, - деді ол. 

Қилымжанов атағандай, қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылары мен қатысушыларын жауапқа тарту үшін тергеу белсенді жүргізіліп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы