ҚХА ұлттардың бір-бірін түсінуіне көмектесетін ұйым – Аркенжан Жумаев

24 Сәуір 2025, 17:05
567
Бөлісу:
ҚХА ұлттардың бір-бірін түсінуіне көмектесетін ұйым – Аркенжан Жумаев
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Аркенжан Жумаев ҚХА-ның маңызды құрылым екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚХА-ның XXXIV сессиясының мерейтойлық отырысына алғаш рет қатысып отырмын. Қазақстан халқына бірлік, ынтымақ тілеймін, - деді ол.

Сарапшы ҚХА-ның XXXIV сессиясының отырысы жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

ҚХА – маңызды құрылым. Себебі елімізде 130-дан астам ұлт тұрады. ҚХА олардың бірлігін сақтап, бір-бірін түсінуіне көмектесетін ұйым деп білемін. Ассамблеяның жұмысы өте маңызды. Ол қай жерде болмасын, ауылда не қалада болсын халықтың өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан ҚХА құрылымы бүгінде жоғары деңгейде өз жұмысын атқарып жатыр, - деп айтты Аркенжан Жумаев.

Оның сөзінше, ҚХА елімізге қажетті, маңызды құрылым.

Өзгелердің жаңалығы