«Пара алған»: тағы бір директор күдікке ілінді

18 Маусым 2022, 15:00
1349
Бөлісу:
«Пара алған»: тағы бір директор күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Бас көлік прокуратурасымен бірлесе «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғаны үшін әшкереленді.

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдейді.

 Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 19 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы