ҚТЖ 300 жаңа жолаушылар вагонын сатып алады

4 Қыркүйек 2019, 08:30
2654
Бөлісу:
ҚТЖ 300 жаңа жолаушылар вагонын сатып алады
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев билеттердің маусымдық жетіспеушілігіне ықпал ететін факторлар туралы айтып берді. 

Ол негізгі себеп, вагон жетіспеушілігі екендігін атап көрсетті. Әсіресе бұл маусымды кезендерде – жазғы демалыстарда және мерекелік күндерде қатты сезіледі. Бүгінгі таңда Тальго вагондарын есепке алмағанда, жолаушылар паркі тозуының барысы 72 пайызды, ал барлық парктікі 46 пайызды құрайды.

«2-3 жыл бойына тағы шамамен 300 жаңа вагон сатып алу жөнінде шешім қабылданды. Үкіметпен параллелді түрде жыл сайын 100-150 жаңа вагон сатып алуға бюджет қаржысынан қарыз алу жөніндегі мәселе пысықталуда. Айтарлықтай ұзақмерзімді перспективада біз жолаушылар вагондарын көмірмен жылытуды болдырмайтын орталықтандырылған жылуменқамту және электро жүйесімен жетілдірілген техникалық сипаттамалары бар вагондарға бағыт аламыз. Сондай вагондарды Тұлпар-Тальго зауытында өндіру жолға қойылады, бірақ тиісті дайындық керек», - деп атап көрсетті Мыңбаев.

WhatsApp Image 2019-09-03 at 21.10.46.jpeg

Сондай-ақ ҚТЖ басшысы стандартты вагоннан сыйымдылығы аз болып келетін Тальго вагоны келісім-шарттағы техникалық сервистік қызмет көрсетуде валюталық құрамдас бөлігі 65% жетеді. Осыдан Тальгоға билеттер құны жоғары болып келеді. Сонымен қатар әлеуметтік және коммерциялық бағыттарды дифференциялау мәселелері де бар.

«Біз «Патентес Тальгомен» ұзақ уақыт келіссөз жүргіздік және де бұған дейін ақшасы төленіп қойылған 62 жолаушы вагондарын жинастыруды аяқтаймыз және осы жобаны жалғастырмаймыз», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.

Ол сонымен қатар Компаниямен жатын керек-жарақтары сапасының стандарттарын және техникалық талаптарын түбірімен қайта қаралғаның қоса кетті. Қазіргі кезде тендерлік процедуралар өткізілуде. 

«Мен қарашадан бастап жұмсақ керек-жарақпен немесе жатын жабындыларымен қамтамасыз ету біздің жолаушыларды жылы қуантарынан өте үміттімін», - деп ағынан жарылды Мыңбаев.

Өзгелердің жаңалығы