Қажылыққа барған қазақстандық жол апатына түсті

19 Тамыз 2019, 20:45
2477
Бөлісу:
Қажылыққа барған қазақстандық жол апатына түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меккеге қажылыққа барған қазақстан азаматы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Меккеге қажылыққа аттанғандарға медициналық миссияның ілестірудің арқасында жол апатына ұшыраған қазақстандыққа дер кезінде жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Ол дер уақытында ауруханаға жеткізіліп, оған ем-шаралары қолданылды. Жол апатына түскен қазақстандыққа жеңіл дәрежедегі бас-ми және дене жарақаттары деген диагноз қойылған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты" - деп атап өтті Діни басқарма баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, биыл Меккеге биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа барған. Оларға дәрігерлік көмек көрсету үшін үш дәрігер бірге жіберілген. Одан бөлек 18 компания бір-бірден өз мамандарын тағы жіберген. Сонда басы-қасы 21 медициналық маман қажылардың жанында жүрген. Меккеде 1744 қажы дәрігерлік көмекке жүгініпті. Оның басым бөлігі - іш ауруына шағымданған. Нақты саны - 1150 адам. Асқазан ішек жолдары ауруларымен - 90 адам, оның 12-сінде өздеріндегі созылмалы ауруларының өршуі болды. 380 адамда тірек қимыл аппараты аурулары тіркелсе, оның 360-да әртүрлі аяқ аурулары туындаған. Сондай-ақ, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары - 220, оның 215-де артериалдық қан қысымның жоғарылауы байқалған. Сонымен қатар, қант диабетімен 4 адам, бронх демікпесіне шалдыққан 6 адам дәрігерден ем алды.

"Бір адам жіті аппендецитпен ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді. Ең бастысы қажыларға дәрі дәрмектер жеткілікті болды. Фирмалар өздерімен бірге әкелген дәріден бөлек, миссия құрамындағы мамандар да дер кезінде қажетті дәріні жеткізіп тұрды", - делінген ҚМБД таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы