Қазгидромет: Түркістан, Жамбыл, Қызылордада үсік жүруі мүмкін

14 Қазан 2023, 07:45
630
Бөлісу:
Қазгидромет: Түркістан, Жамбыл, Қызылордада үсік жүруі мүмкін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері қазанның 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын болса, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ған жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта жел күшейіп, күші секундына 30 метрге жетеді, кейде оданжоғары болады.

Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы