«Қазгидромет» бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

5 Қараша 2023, 23:35
645
Бөлісу:
«Қазгидромет» бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 6 қарашаға бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Жетісу облысы Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы