Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

20 Шілде 2022, 16:26
1574
Бөлісу:
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер республика бойынша 2022 жылдың 21-23 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жасады.

"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде, алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады: 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болжанады, желдің күшеюі күтіледі. 

Еліміздің батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады. 

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады.

Өзгелердің жаңалығы