Қазгидромет 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

11 Сәуір 2024, 09:55
14333
Бөлісу:
Қазгидромет 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Фото: видеодан скриншот

11-13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамына сәйкес елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде, 11-12 сәуірде елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болды. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, күндіз батыста, оңтүстік аймақтарда найзағай, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады деп күтілуде, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Ел аумағының басым бөлігінде температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанып отырған жоқ. Тек елдің солтүстік және шығыс аймақтарында 12-13 сәуірде түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, 1-13 градус аяз болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы