«Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

27 Маусым 2023, 12:12
1022
Бөлісу:
«Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді
Фото: BAQ.KZ

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Qazcontent» АҚ-да еңбек етіп жүрген үш қызметкерге пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асқан игі іс «Дара» президенттік бастамалар қорының және «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен жүзеге асты. «Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер кілтін Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тапсырды. BAQ.KZ ақпарат агенттігінің бас редакторы Мөлдір Бекбергеноваға 2 бөлмелі, Бауыржан Жуасбаевқа 1 бөлмелі пәтер, дизайнер Яна Смоляроваға 1 бөлмелі пәтер сертификаттары берілді. 

«Таңертең білдім үй берілетінін. Шыны керек сертификатты қолымызға тапсырмайынша сенбедік. «Qazcontent» АҚ-дағы жұмысымды штаттан тыс маман болып бастадым. Журналист, аудармашы, шығарушы редактор, бас редактордың орынбасары,бас редактор осы жолдың бәрін жүріп өттім.Компанияда 10 жылдан астам еңбек етіп келемін. Еңбегімізді бағалап, осынша құрмет көрсеткеніне алғысым шексіз», - деді BAQ.KZ ақпарат агенттігінің бас редакторы Мөлдір Бекбергенова. 

«Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Бауыржан Жуасбаевтың фотограф ретінде компанияда жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдан асқан. 

«Журналистер тарихты жазса, менің сол тарихты суретке түсіріп келе жатқаныма біраз болды. Бүгін осы ұжымнан үй алғандардың барлығы сол үйге лайық жандар. Компанияға еңбегі сіңген қызметкерлер. Ал солардың еңбегін жоғары бағалап, осындай құрметке лайық деп таныған басшылыққа рақмет», - деді Бауыржан Жуасбаев. 

Дизайнер Яна Смолярованың компанияда жұмыс істеп келе жатқынаны да 10 жылдан асқан. 

«Университеттен кейінгі алғашқы салмақты жұмысым. Оған дейінде бір-ек жерде жұмыс істедім, бірақ аса ұзақ емес. Көп дүниелерді компанияда жүріп үйрендім, компаниямен бірге кәсіби тұрғыда өстім, дамыдым, әлі де даму жолындамын. Көбіне отбасылы адамдардың үй алып жатқанын көреміз ғой,маған да солармен бірге пәтер сертификаты берілгеніне қуаныштымын.Басшылық бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді ұсындық деп отыр, лайық деп санағандарына рақмет», - дейді Яна Смолярова. 

Бұдан басқа «Qazcontent» АҚ Мәжілістің «Парламент сөзі» жүлдесін иемденді. 

Біздің «Qazcontent» АҚ Мәжілістің «Парламент сөзі» жүлдесін иемденді. Бұл ортақ жеңіс. Мықты ұжымның арқасы! Сондай-ақ үш қызметкеріміз мемлекет тарапынан берілген баспанаға ие болды, - деді «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп. 

«Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында мемлекеттік құрылым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. 

Құттықтау сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі медиа қызметкерлерінің саланы дамытудағы қажырлы еңбегі мен қомақты үлесін атап өтіп, іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.

Салтанатты рәсімде BAQ.KZ AA бас редакторы Мөлдір Бекбергенова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету басқармасының Бақтыгүл Миркалиева Құрмет грамотасымен, EL.KZ AA бас редакторы Лена Муратбек алғыс хатпен марапатталды. 

«Жалпы еңбек өтілім 32 жыл, ал «Qazcontent» АҚ осымен бесінші жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатырмын. Компаниядағы біраз жастардың кәсіби тұрғыда өскені, олардың алғаш жұмысқа келгендегі кездері бәрі көз алдымда. Осы жастармен қатар абыройымды асқақтатып берілген «Құрмет грамотасы» жаныма қуаныш сыйлады. Еңбегімізге әрқашан осылай лайықты деңгейде баға беріле берсін», - дейді Бақтыгүл Миркалиева. 

«Qazcontent» АҚ қызметкерлеріне пәтер сертификаттары берілді

Айта кетейік, «Qazcontent» АҚ – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания. Бүгінгі таңда компания алты ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Бұл жаңалықтар сайттары – baigenews.kz, baq.kz және el.kz, тақырыптық порталдар – adebiportal.kz және e-history.kz, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты.

Компания ресурстары үш тілде қол жетімді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Өзгелердің жаңалығы