Ақмола облысындағы автожолда күн райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
12 қазанда сағат 00:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1003-1128 шақырым аралығында Атбасар қаласынан Астраханка ауылына дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында жолдардың жабылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: