«Қазақтелеком» қаңтар айында барлық тұтынушыларына 50% жеңілдік жасайды

12 Қаңтар 2022, 11:16
1984
Бөлісу:
«Қазақтелеком» қаңтар айында барлық тұтынушыларына 50% жеңілдік жасайды

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақтелеком» елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халықты қолдауға бағытталған шаралар кешенін қабылдады.

Төтенше жағдай жарияланғаннан бері еліміздегі ең ірі байланыс операторы өз тұтынушыларына қолдау көрсету мақсатында тұтас шаралар кешенін әзірлеп енгізді. Соның ішінде негізгі көмектің бірі – жеке абоненттерге ағымдағы жылдың қаңтар айындағы қызметтері үшін ай сайынғы абоненттік төлемге 50% жеңілдік беру болды. Компания түзетілген соманы ақпан айында шығарады, өйткені post paid режимінде жұмыс істейді (яғни төлемақыны есептеу әдетте есеп айырысу айынан кейінгі 25-ші күнге дейін жасалады). Бұл тармақ компанияның тұтынушыларымен жасасқан ашық келісім-шартында анық жазылған.

Әрине, еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде, сын сағатта біз сырт қала алмадық, тұтынушыларымызды қолдауға бағытталған шаралар кешенін әзірледік. Абоненттеріміздің алдындағы жауапкершілікті толықтай сезіне отырып, компанияның топ-менеджменті жеке тұлғаларға ағымдағы жылдың қаңтар айының қызметтері үшін ай сайынғы төлеміне 50% жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Мұндай бастамалар біздің тәжірибемізде бірегей емес екенін және қашанда, қандай жағдай болмасын қазақстандықтарды және мемлекетті қолдауға және қажет кезде қасынан табылуға ұмтылатынымызды атап өткім келеді. Елімізде коронавирус инфекциясы белең алған кезеңде де халықты және бизнесті қолдау мақсатында бірқатар шараларды қолға алған болатынбыз, – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Сондай-ақ, байланыс операторы ағымдағы жылдың 31 қаңтарына дейін барлық абоненттеріне шектеусіз қалааралық қоңырау шалуға, сонымен қатар тіркелген қалалық нөмірлерге қосымша төлемсіз хабарласу үшін байланыс операторларының мобильді нөмірлеріне 1000 минут тегін таратылды. Тағы бір маңызды шара: «Қазақтелеком» мамандары ISMET.kz бизнес-порталына бірқатар техникалық шешімдерді енгізу арқылы, бұл сервисті де интернетсіз пайдалануға болатын мүмкіндік жасады. 

Отандық кәсіпкерлер барлық қажетті операцияларды әдеттегідей жүзеге асыра алады, сондай-ақ ISMET.kz порталы арқылы өтінім бере отырып, байланыс қызметтеріне төлемдерді уақытша тоқтатып немесе кейінге қалдыра алады. Сондай-ақ ШОБ субъектілері үшін Қазақтелекомның» байланыс қызметтерін қосу және ақаулықтарды жоюға өтінімдерді жіберуге арналған порталда онлайн қызметі қолжетімді.

Елімізде енгізілген төтенше жағдай және одан кейінгі қабылданған коменданттық сағат шектеулері барлық қазақстандықтарды үйде отыруға мәжбүр етті. Төрт қабырғаға қамалған үлкендер ғана емес, балалардың да бос уақытын тиімді өткізу жолдарын іздеу маңызды еді, мен әке ретінде, бұл мәселені жақсы түсіндім, осылайша әріптестеріммен бірлесіп  қысқа мерзім ішінде мультимедиялық өнімдерді интернетке қосылмай-ақ қолжетімді етудің жолдарын қарастырдық, бұл істі TV+ қызметі арқылы жүзеге асыру мүмкін болды, - деді Қуанышбек Есекеев.

«Қазақтелеком» АҚ жақын арада елдегі жағдай тұрақталып, қазақстандықтар әдеттегі өмір салтына қайта оралатынына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы