Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті - Тоқаев

29 Наурыз 2023, 10:12
888
Бөлісу:
Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті - Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Бұл туралы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы елімізде жасылып жатқан реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өтті. 

Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңғырып жатқанына халықтың көзі жеткенін айтты.

Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді, - деп айтты Президент.

Президент атағандай, елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Тоқаев сайлауға белсене қатысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы