«Қазақстанның үздік тауары» байқауының облыстық кезеңі өтті

24 Маусым 2022, 12:25
1114
Бөлісу:
«Қазақстанның үздік тауары» байқауының облыстық кезеңі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ   тілшісі.  Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өтті.  Отандық өнімнің сапасын арттырып, Қазақстан нарығын бәсекеге қабілетті тауармен толықтыруға бағытталған шара жыл сайын өтеді.

Биылғы көрмеге 50-ге жуық кәсіпкердің өнімі қойылды.  Олар “Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» сияқты 3 номинация бойынша бақ сынады.  

Байқауда әр аталымнан үш-үштен, тоғыз үздік таңдалды.  Олар: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»:  «Каскор Машзавод» АҚ, «Каз Азот» АҚ және «OSS KAZAKHSTAN» ЖШС. 

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының облыстық кезеңі өтті

 «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеке кәсіпкерлер: “Мендикулова», «Жекенова», және «Rakhim baby».

Ал  «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымындағы үздіктер арасынан: «Актау Агро» ЖШС, Жеке кәсіпкер «Толеуіш Даниял Саматұлы», «Кобзев Руслан Викторович» шаруа қожалығы үздік танылды. 

Аймақ басшысы жеңімпаз атанған кәсіпкерлерді құттықтап, алдағы Республикалық бәйгеде жүлделі орын алуға тілектестік білдірді. 

Өңірдің экономикалық тұрақтылығы - орта және шағын кәсіптің үлесінің артуымен байланысты. Өңірімізде кәсіпкерлер қатары өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артқан.  Шағын және орта кәсіп арқылы өңірде жұмыс орындарын сақтауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік аламыз. Сондықтан сіздерді әрқашан қолдауға  дайынбыз. Бүгінгі байқауда үздік деп танылған жеңімпаздарға Республикалық сайыста сәттілік тілеймін!, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.      

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының облыстық кезеңі өтті

Өңірлік байқаулардың 9 жеңімпазы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына жолдама алды. Республикалық көрме-байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар онлайн дауыс арқылы анықталады. Ал жеңімпаздар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады. 

Өзгелердің жаңалығы