Қазақстанның полициясы заманауи модельге көшпек

10 Мамыр 2023, 16:40
1051
Бөлісу:
Қазақстанның полициясы заманауи модельге көшпек
Фото: BAQ.KZ

Ішкі істер министрлігі – елдегі ең ірі және жұмыс бағыты ең көп құқық қорғау органы. Бұл туралы орталық коммуникациялдар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде тіркелетін бұкіл қылмыстық істердің 96 пайызын , ал әкімшілік өндірістің 97 пайызын – ішкі істер органдары жүргізеді. Оған қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 39 түрі бойынша, жыл сайын 10 млннан астам қызмет көрсетеді. Яғни, халықпен ең жиі және тығыз жұмыс жасайтын орган – ол полиция. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қарап, билік туралы жалпы көзқарас қалыптасады. Соны ескеріп, қазір Қазақстанның полициясы заманауи сервистік модельге көшіп жатыр, - деді Қожаев.

Оның негізгі принциптері : заңдылық, жан-жақтылық, әдептілік, хабардарлық және жеделдік.

Бұл мәселе – «Қоғаммен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясында» көзделіп отыр. Концепцияның басты ерекшелігі – оның қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету саласындағы жинақталған жүйелік проблемалардың себебін жою, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы