Қазақстанның көп бөлігінде үсік жүреді

2 Сәуір 2023, 15:44
1124
Бөлісу:
Қазақстанның көп бөлігінде үсік жүреді
Фото: 24.kz

Синоптиктер тағы бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК 3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болатынын хабарлады.

Алматы облысында солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Алматыда 1-3 градус үсік болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл сақталады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, 1-6 градус үсік болады.

Өзгелердің жаңалығы